Еуропа лигасындағы “Бешікташ” – “Маккаби” Тель-Авив матчы Ыстамбұлда өтпейтін болды, деп хабарлайды “Екінші Тайм”.
Бұл матч 28 қарашада “Besiktas Park” стадионында өтуі керек еді. Бірақ УЕФА Израильдің клубына Түркияда ойнау қауіпті болуы мүмкін деп есептейді. Осыған байланысты ойын екі командаға да жат жерге ауыстырылады.
Еуропа лигасының 5-туры аясындағы матч нақты қайда болатыны хабарланбады.
Айта кетейік, қазақстандық Бақтиер Зайнутдинов ойнайтын “Бешікташ” қазір Еуропа лигасының 3-турынан кейін үш ұпаймен 27-орында келе жатыр. “Маккаби” Тель-Авив болса, ұпай еншілемей, 34-сатыда.
21