“Реал Мадрид” вингері Винисиус Жуниор Чемпиондар лигасында “Миланға” қарсы матчта төрешіні балағаттаған, деп хабарлайды “Екінші Тайм”.
Ойынның 71-минутында Винисиус Юнус Мусаға қарсы ойын тәртібін бұзып, төреші ысқырық шалған кезде бас қазы Славко Винчичке қарсы шыққан.
“Сен есалаңсың, сен есалаңсың”, – деген сөздері үшін сары қағаз еншіледі.
FIFA мен Ла Лиганың бұрынғы төрешісі Эдуардо Итурральде Гонсалес футболшыға сол сөздері үшін қызыл қағаз көрсетілуі керек еді деп санайды.
Еске салайық, “Реал Мадрид” бұл матчта “Миланнан” 1:3 есебімен жеңілген болатын. Бразилиялық вингер пенальтиден көзге түсті.
14