22 жастағы украиналық жеңіл атлет Ярослава Магучих 37 жыл бойы бірде-бір спортшы еңсере алмаған рекорды жаңартты. Ол биіктікке секіруден 2,10 метр көрсеткішін тіркеп, тарихи жетістікке қол жеткізді. Бұл туралы Nur.kz сайты Сhampionat.com сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Жеңіл атлетикадан Мажарстанның Будапешт қаласында өткен әлем чемпионатында украиналық Ярослава Магучих биіктікке секіруден сынға қатысты. 22 жастағы спортшы бастапқы мүмкіндіктерінде 2,07 метр нәтижені көрсетіп, өзгелерден оқ бойы озық болып, жарыстың жеңімпазы атанып қойған еді. Ал өзінің соңғы мүмкіндігінде 2,10 метр биіктікті бағындырып, осы уақытқа дейін болгариялық Стефка Костадиноваға (2,09 метр) тиесілі рекордын бұзды. Болгариялық жеңіл атлет бұл рекордты 1987 жылы тамызда орнатты.
Бұл рекордты жаңартуды бұған дейін хорватиялық спортшы Бланка Влашич талпынған болатын. Ол 2007 және 2009 жылдары әлем чемпионы атанған. Хорватиялық спортшы бірнеше мәрте 2,10 метр биіктікті бағындыруға тырысқан, бірақ қолынан келмеген еді.
Айта кетейік, 2021 жылы Ярослава Магучих Токио Олимпиадасының қола медалін жеңіп алды. Сонымен қатар украиналық спортшы әлем чемпионы және Еуропаның екі дүркін жеңімпазы. Сондай-ақ оның еншісінде әлем чемпионатының екі күмісі бар.
7 Responses
Your point of view caught my eye and was very interesting. Thanks. I have a question for you.
Your point of view caught my eye and was very interesting. Thanks. I have a question for you.
Can you be more specific about the content of your article? After reading it, I still have some doubts. Hope you can help me.
I don’t think the title of your article matches the content lol. Just kidding, mainly because I had some doubts after reading the article.

Thanks for sharing. I read many of your blog posts, cool, your blog is very good.