Қазақстандық спортшылар Италия мен Венгриядағы халықаралық турнирлерде екі қола жүлде иеленді

Қазақстанның үстел теннисі құрамасының спортшылары Алан Құрманғалиев пен Жәния Бекмұхамбетова WTT Youth Contender турнирінде қола жүлдеге ие болды, деп хабарлайды “Екінші Тайм” тілшісі ҰОК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бекмұхамбетова Италияның Линьяно қаласында өткен турнирде қола медаль жеңіп алды. 11 жасар спортшы 13 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы жарыста табысты өнер көрсетті. Ол Джулия Фернандесті (Испания) 3:0, жарыс қожайындары Каролина Росси және Джулия Троззоны 3:0, Симона Дурисованы (Словакия) 3:0, Надалия Ионаскуды (Румыния) 3:0 есебімен жеңді. Жартылай финалда Жәния Тайбэйден келген Ли Джэн-Юэге 0:3 есебімен есе жіберіп, үшінші орынды иеленді.

Ал, Құрманғалиев Венгрияның Сомбатхей қаласында өткен WTT Youth Contender Szombathely 2024 халықаралық турнирінде үшінші орынға ие болды. Ол 17 жасқа дейінгі жас санатында алты жеңіске қол жеткізіп, бір рет жеңіліс тапты. Қазақстандық спортшы Анхбаяр Билгууны (Моңғолия) 3:0, Штифт Лайонелді (Австрия) 3:0, Джузеппе Каларконы (Италия) 3:1, Сэмюэл Михнуды (Польша) 3:1, сонымен қатар словакиялық Михаил Ловгуды 3:1, Антуан Нуароны (Франция) 3:2 есебімен жеңді. Жартылай финалда Алан венгриялық Балаж Лэиге 2:3 есебімен жол берді.

Facebook
Threads
WhatsApp
VK
X
Telegram

Басты жаңалықтар

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар