Қазақстандық теннисші Хельсинкидегі турнирдің жартылай финалына шықты

Қазақстандық теннисші Денис Евсеев Хельсинкидегі (Финляндия) “Челленджер” сериясындағы турнирдің жартылай финалына өтті, деп хабарлайды “Екінші Тайм”.

Евсеев ширек финалда әлемнің 96-ракеткасы, корт иесі Отто Виртаненмен кездесіп, 6:4, 7:5 есебімен жеңіске жетті.

Матч 1 сағат 22 минутқа созылды.

Жартылай финалда Денис әлемнің 102-ракеткасы, италиялық теннисші Люка Нардимен күш сынасады. Нарди ширек финалда ұлыбританиялық Ян Чоинскийден 6:4, 6:3 есебімен басым түскен еді.

Facebook
Threads
WhatsApp
VK
X
Telegram

Басты жаңалықтар

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар