“Ертіс” Тамерлан Агимановты қатарына қосты

Павлодарлық “Ертіс” 18 жастағы шабуылшы Тамерлан Агимановпен келісімшарт жасасқанын жариялады, деп хабарлайды “Екінші Тайм” тілшісі Sport+ сайтына сілтеме жасап.

Тамерлан – павлодар футбол мектебінің түлегі. Ол кәсіби мансабын 2021 жылы “Ақсу” командасынан бастады, онда 2024 жылға дейін ойнады. Өткен маусымды “Екібастұз” сапында өткізіп, 20 матчта 5 гол соғып, 11 ассистпен үздік ойыншы атанды.

Агиманов Қазақстанның жасөспірімдер құрамасына (U16, U17, U18, U19) шақыртылып, 20 ойын өткізіп, 9 гол соққан. Қазіргі уақытта U19 құрамасының сапында Еуропа чемпионатына іріктеу матчтарына дайындалуда.

Айта кетейік, “Ертіс” биыл Солтүстік-Шығыс конференциясында Екінші лига чемпионы атанып, 2025 жылы Бірінші лигада ойнау құқығына ие болды.

AMP :
Facebook
Threads
WhatsApp
VK
X
Telegram

Басты жаңалықтар

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар