Мәнерлеп сырғанаудан Қазақстан құрамасының спортшысы Софья Самоделкина Эстонияның Таллин қаласында өткен Tallinn Trophy халықаралық турнирінде күміс медаль жеңіп алды, деп хабарлайды “Екінші Тайм”.
Самоделкина жарыстың бірінші күнінен кейін 3-орында тұрған еді. Кейін 17 жастағы спортшы еркін бағдарламада ол екінші орын алып, өз орнын жақсарта алды. Турнирдегі екінші өнерінен кейін мәнерлеп сырғанаушы 119,27 ұпай алды.
Жалпы Самоделкина 173,25 ұпай жинады.
Бірінші орынды Нина Пинзаррон (Бельгия) иеленді – 192,48. Сара-Мод Дюпуа (Канада) 163,58 ұпаймен қола жүлде жеңіп алды.
39