Жастар арасындағы әлем чемпионатында топ жарған қазақ боксшыларына халықаралық дәрежедегі спорт шебері атағы табысталды, деп хабарлайды “Екінші Тайм” тілшісі Nur.kz сайтына сілтеме жасап.
Туризм және спорт министрлігінің мәліметінше, ведомство басшысы Ербол Мырзабосынов Черногорияның Будва қаласында және сол уақытта АҚШ-тың Пуэбло қаласында өткен бокстан жастар арасындағы әлем чемпионаттарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттаған.
Будвадағы әлем біріншілігінде қазақстандық боксшылар 6 алтын, 1 күміс, 10 қола медаль еншілеп, алғаш рет жалпыкомандалық есепте бірінші орын алған еді. Ал АҚШ-тағы турнирде біздің боксшылар екі күміс медаль иеленді.
Бокс федерациясының хабарлауынша, Будва бәсекесінде алтыннан алқа таққан Бексұлтан Боранбек, Төрехан Сабырхан, Санжарәлі Бегалиев, Өнер Сейілхан, Елянур Турганова және Аружан Зейноллаеваға халықаралық спорт шебері атағы табысталды. Сонымен бірге басқа да жүлдегерлерге алғыс хат берілді.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Публикация от Kazakhstan Boxing Federation (@boxingkazakhstan)