Мәскеуде WKF каратэден өткен Moscow Karate Universe-2024 халықаралық жарысында Қазақстан ұлттық құрамасы табысты өнер көрсетті, деп хабарлайды “Екінші Тайм” тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, аталмыш турнирге барлығы 31 елден 329 спортшы қатысып, бақ сынады.
Сайыс қорытындысында өз салмақ дәрежелерінде қазақстандықтар Мөлдір Жаңбырбай (-50 кг), Софья Берульцева (+68 кг) және Никита Тарнакин (-84 кг) жеңімпаз атанды.
Сондай-ақ, Гүлмира Үсенова (-55 кг), Лаура Сағынбек (-68 кг) күміс жүлдеге ілікті.
Ал Диас Анарбеков (+84 кг), Жоламан Биғабыл (-60 кг), Данияр Юлдашев (-84 кг) қола жүлдегерлер қатарынан көрінді.
65
2 Responses
BWER leads the way in weighbridge technology in Iraq, delivering customized weighing solutions that are accurate, efficient, and ideal for heavy-duty use in any environment.
Enhance your industrial operations with BWER weighbridges, designed for exceptional accuracy and durability to support Iraq’s growing infrastructure and logistics sectors.