Нидерланд – Англия: қорғаныстағы футбол. Болжам

Бүгін Нидерланд пен Англия құрамалары Еуропа чемпионатының финалына берілер екінші жолдаманы сарапқа салады. Сүреңсіз ойнап жүрген Англия бұл матчта фаворит саналып отыр. Бірақ Нидерланд сенсация жасай ала ма? “Екінші Тайм” порталы Нидерланд – Англия матчына болжам ұсынады.

Нидерланд

Нидерланд құрамасы ширек финалда Түркияны жеңді. Жеңіліп жатты, бірақ жеңісті жұлып әкетті – 2:1. Бірақ түрік футболшылары біраз әуреледі. Жалпы, Нидерланд ойыншылары тек 1/8 финалда Румынияға қарсы матчта қинала қойған жоқ. Қалған кездесуінің бәрі қиын болды: поляктар мен түріктерге қарсы камбэк жасауына тура келді. Француздармен тең түсті, Австриядан жеңіліп қалды.

Жалпы, Нидерланд шабуылында мәселе көрінеді. Көбіне Ваут Вегхорст шыққаннан кейін қарапайым шабуыл ұйымдастырып, қарсыласқа қауіп төндіре алады.

Нидерланд құрамында өзгеріс жоқ, 1/8 және 1/4 финалда бір құрамды шығарды. Жарақат алған не ескертуі бар ойыншы жоқ. Рональд Куман таңдаған ойыншыларын шығара алады.

Англия

Ағылшындар бұл турнирде тек бір матчты негізгі уақытта жеңе алды. Бірақ жартылай финалға жетті. Ширек финалда Швейцарияға қарсы біраз қиналды, тіпті жолы болып кетті дей аламыз. Тек пенальти сериясында басым түсті.

1/8 финал да оңай болған жоқ, Словакиядан жеңілуге де жақын тұрған. Джуд Беллингемнің голы құтқарды. Ал топтық кезеңде үш ойынның біреуінде ғана жеңіске жете алды.

Шабуыл шебі жұлдыздарға толы Англия құрамасы Еурода төрт гол ғана соқты. Сынға ұшырап жүргені содан. Бірақ мақтауға тұрарлық тұсы да бар – қорғанысы. Стоунз, Триппьер, Уокер, Геи тамаша ойнап жүр.

Англия құрамасы сапында да ойнай алмайтын футболшы жоқ. Барлық ойыншысы тас-түйін.

Өзара текетірес

Бұл құрамалар ХХІ ғасырда бір мәрте ғана ресми ойынды кездесті. 2019 жылы Ұлттар лигасының финалында. Сол кезде Нидерланд құрамасы 3:1 есебімен жеңген болатын. Содан бері екі команданың да құрамы қатты өзгерді. Ағылшындар реванш алуға тырысады.

Болжам қандай?

Англияның матчтарында тотал көп болуы екіталай. Гарет Саутгейт әдеттегідей прагматикалық футбол көрсететін шығар. Бұған дейінгі бес матчында да екі голдан көп соғылған жоқ. Сондықтан матч тоталы 2.5-нан аз бәсі дұрыс таңдай сияқты көрініп тұр – 1.55 коэффицент.

Бірақ Англия сөйтіп жүріп өтіп кетуі мүмкін. Негізгі уақытта болмаса да, овертаймда. Сондықтан Англия келесі кезеңге өтеді деп ойлаймыз. Ал бұған 1.75 коэффицент ұсынылған.

Өз болжамыңызды пікірге қалдыра аласыз…

Facebook
Threads
WhatsApp
VK
X
Telegram

Басты жаңалықтар

2 Responses

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *