“Көктегі періште”. Стюардесса Еуро-2024 матчын ұшақта қарауға көмектесті

Грекия мен Англия арасындағы рейстің қызметкері жолаушыларға Еуро-2024 турнирінің матчын тамашалауға көмектесті, деп хабарлайды “Екінші Тайм”.

The Sun ақпараты бойынша, Грекиядан Лондонға ұшқан ұшақ Еуро-2024 ширек финалындағы Англия – Швейцария матчы бітер кезде қонуы керек еді. Бірақ рейс кеш ұшып, жанкүйерлер ойынды көре алмай қалған.

Сол кезде стюардесса жолаушыларға бұл матчты телефон арқылы тікелей эфирде тамашалауға жағдай жасаған.

Ал Англия құрамасы Швейцарияны матчтан кейінгі пенальти сериясында жеңіп, жартылай финалға өткен еді.

Айта кетейік, қазіргі уақытта кейбір рейстерде жолаушыларға ұшу кезінде желіде байланыста болуға мүмкіндік беретін WiFi орнатылған. Ал ұшақ жолаушылары әуе жолсерігін “көктегі періште” деп атап кеткен.

Енді British Airlains компаниясы бүгін кешке рейсте болатын жанкүйерлеріне Нидерланд – Англия матчын ұшақта тамашалауға мүмкіндік жасамақ.

Facebook
Threads
WhatsApp
VK
X
Telegram

Басты жаңалықтар

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *