Қазақстанның үздік теннисшісі Елена Рыбакина (WTA №4) Уимблдон-2024 жартылай финалына шығуының арқасында рекорд орнатты, деп хабарлайды “Екінші Тайм”.
OptaAce ақпараты бойынша, Рыбакина WTA турнирлерінде 2024 жылы жартылай финалға ең көп шыққан теннисші атанды. Ол жетінші рет 1/2 финалда ойнамақ. Бұл көрсеткіш бойынша әлемнің бірінші ракеткасы Ига Швентекті қуып жетті.
Рыбакина жартылай финалда чехиялық Барбора Крейчиковамен (WTA №32) күш сынасады.
2
One Response
Thanks for sharing. I read many of your blog posts, cool, your blog is very good.