Хамес Мессидің рекордын бұзды

Колумбия құрамасының жартылай қорғаушысы Хамес Родригес аргентиналық Лионель Мессидің Америка кубогындағы рекордын бұзды, деп хабарлайды “Екінші Тайм”.

The Athletic мәліметінше, 32 жастағы футболшы жартылай финалда Уругвайға қарсы матчта Хефферсон Лермеге нәтижелі пас берген

Осылайша, Хамес бір Америка кубогында гол пасының саны бойынша Мессиден озды. Қазір колумбиялықтың еншісінде алты ассист бар.

Ал Месси 2021 жылы Америка кубогында бес нәтижелі пас берген еді.

Енді Америка кубогының финалында Колумбия мен Аргентина кездеседі. Матч 15 шілдеде таңда басталады.

Facebook
Threads
WhatsApp
VK
X
Telegram

Басты жаңалықтар

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар