Орта салмақта WBO және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы отандасы Геннадий Головкинмен айырмашылығын айтты, деп хабарлайды “Екінші Тайм”.
– Әрине, мен АҚШ-та Головкин сияқты супержұлдыз бола аламын деп ойлаймын. Головкин екеуіміз бірдей емеспіз. Геннадий «мексикалық стильде» жұдырықтасты, мен «қазақ стилін» көрсетемін. Біз бір елдің тумасы болғандықтан көп салыстырады, бірақ ол менің ағам сияқты», – деді чемпион.
Еске салайық, Әлімханұлы 14 шілдеде таңда Лас-Вегаста өз титулдарын қорғайды. Оның қарсыласы Жаңа Зеландия боксшысы Андрей Михайлович болады.
Жәнібек кейінгі жекпе-жегін 2023 жылы қазанда өткізіп, германиялық Винченцо Гуальтьериді нокаутпен жеңген еді.
1
One Response
I don’t think the title of your article matches the content lol. Just kidding, mainly because I had some doubts after reading the article.