Қазақстан футбол федерациясының (ҚФФ) президенті Әділет Барменқұлов ұлттық құраманың бас бапкері Станислав Черчесовке қазақ тілінде сұрақ қойған журналист пен ресейлік маманның арасындағы жағдай туралы пікір білдірді, деп хабарлайды “Екінші Тайм”.
“Станислав Черчесовке қазақ тілін білудің қажеті жоқ, ең бастысы – біздің менталитетімізді, дәстүріміз бен мәдениетімізді түсінгені маңызды. Ол біздің тілімізде қысқаша сөйлеп, амандаса білуі жеткілікті болады. Черчесовтан тек біздің тіліміз бен дәстүрімізді құрметтеу талап етіледі, ал ол өз кезегінде қазақ футболына бар білімін береді.
Черчесовтың қазақ тілін үйренуі бойынша артық мәселе жоқ және біздің журналистер бұл нәрсені дұрыс қабылдады. Менің ойымша бұл мәселені дұрыс не бұрыс деп қарастырғанымыз жөн емес. Станислав Саламұлының өзіне тән болмысы бар және мұны бәрі жақсы түйсінеді. Біз, қазақтар, барлығына құрмет көрсетеміз”, – деп келтіреді Барменқұловтың сөзін Sport24.
Еске салайық, 26 маусымда Станислав Черчесов Астанада өткен баспасөз мәслихатында журналистердің бірімен сөз таластырып қалған болатын.
2 Responses
Thanks for sharing. I read many of your blog posts, cool, your blog is very good.