Қазақстандық файтер Азат Мақсұмның Әбу-Дабиде тамыз айына жоспарланған UFC-дегі жекпе-жегі өтпейтін болды, деп хабарлайды “Екінші Тайм”.
MMAFighters.kz мәліметінше, қазақстандық спортшы жарақат алған. Сондай-ақ Мақсұмнан бір күн бұрын америкалық файтер Си Джей Вергара жарақатына байланысты жекпе-жек өткізуден бас тартқан. Енді UFC 3 тамызда мүлде басқа жекпе-жек ұйымдастырады.
Еске салайық, Азат 3 ақпанда өткен кейінгі жекпе-жегінде америкалық Чарльз Джонсоннан жеңіліп қалған еді.
3