“Ақтөбенің” еурокубоктағы сәтсіз сериясы 10 жылға созылды

“Ақтөбе” еурокубокта өз алаңында 10 жылдан бері жеңіске жете алмай жүр, деп хабарлайды “Екінші Тайм”.

Бүгін «ақ-қызылдар» өз алаңында Босния және Герцеговинаның «Сараево» клубынан 0:1 есебімен жеңілген еді. Бұл Конференция лигасы бірінші іріктеу кезеңіндегі матч болатын.

Осылайша, “Ақтөбенің” еурокубокта өз алаңындағы сәтсіз сериясы жалғасып жатыр. Команда өз жанкүйерлерінің алдында халықаралық аренада он жылдан бері жеңіске жетпеген.

Соңғы рет ақтөбеліктер 2014 жылы жазда Чемпиондар лигасының екінші кезеңінде өз алаңында грузиялық “Динамо” Тбилисиді 3:0 есебімен жеңген еді.

Содан кейін қатарынан Қобыланды батыр стадионында 7 матч бойы жеңе алмай жүр:

2014/15. Чемпиондар лигасы. “Стяуа” (Румыния) 2:2
2014/15. Еуропа лигасы. “Легия” (Польша) 0:1
2015/16. Еуропа лигасы. “Нымме Калью” (Эстония) 0:1
2016/17. Еуропа лигасы. МТК (Венгрия) 1:1
2023/24. Конференция лигасы. “Торпедо Кутаиси” (Грузия) 1:2
2023/24. Конференция лигасы. “Сепси” (Румыния) 0:1
2024/25. Конференция лигасы. “Сараево” (Босния және Герцеговина) 0:1

Facebook
Threads
WhatsApp
VK
X
Telegram

Басты жаңалықтар

2 Responses

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар