Тас-талқан. “Тобыл” Словакияда ірі есеппен жеңіліп қалды

Қостанайлық “Тобыл” УЕФА Еуропа лигасының бірінші іріктеу кезеңінде словакиялық “Ружомбероктан” ірі есеппен жеңілді, деп хабарлайды “Екінші Тайм”.

Командалар арасындағы алғашқы матч Ружомберок қаласындағы “Чебрат” стадионында өтті. Ойын словакиялық команданың жеңісімен аяқталды – 5:2.

Ойын есебін “Тобыл” ашқан. 9-минутта Игорь Иванович гол соқты. Бірақ екі минуттан соң Симон Да Силва таразы басын теңестіріп кетті. 40-минутта алаң иелері алға шықты – Александер Селецки қанжығасын майлады. Көп ұзамай, қостанайлықтар қайта гол соқты. Давид Энин допты бос қақпада тулатты. Бірақ бұл бірінші таймдағы соңғы гол болмады. Үзіліс алдында Матуш Мали “Ружомберокты” қайта алға шығарды.

Үзілістен кейін алаң иелері тағы екі гол соқты. 77-минутта Матей Мадленак доп салса, матч соңында Мали ойын нүктесін қойды.

Енді 18 шілдеде командалар Қостанайда қарымта матч өткізеді. Келесі кезеңге өту үшін “Тобылға” кем дегенде төрт гол айырмашылығымен жеңу керек.

Facebook
Threads
WhatsApp
VK
X
Telegram

Басты жаңалықтар

One Response

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар