«Ассаламалейкум» деп амандасты». Гюлер Роналду туралы

Түркия құрамасы мен “Реал Мадридтің” жартылай қорғаушысы Арда Гюлер португалиялық Криштиану Роналду туралы пікірін айтты, деп хабарлайды “Екінші Тайм”.

“Португалиямен матчтан кейін Роналдуға барып, оның жейдесін сұрауға ұялдым, өйткені мен өмірімде ондай адаммен сөйлесіп, оның жейдесін сұраған емеспін. Бірақ Феликсті жақсы білетінмін және Жоаудан оған тілегімді жеткізуін өтіндім. 10 минуттан кейін Роналдудың өзі киім ауыстыратын бөлмеге кіріп, «Ассаламалейкум» деп амандасып, жейдесін берді. Сол кезде Роналдудың адамдарға эмоция сыйлағанды ​​жақсы көретінін байқадым!”, – деді Гюлер.

Айта кетейік, Түркия мен Португалия құрамалары Еуропа чемпионаты топтық кезеңінің 2-туры аясында кездескен болатын. Португалия сол ойында жеңіске жеткен.

Екі құрама да Еурода ширек финалға дейін өнер көрсеткен еді. Португалия Франциядан, Түркия Нидерландтан жеңіліп қалған болатын.

Facebook
Threads
WhatsApp
VK
X
Telegram

Басты жаңалықтар

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *