“Жолын кесті”. Шавкаттың менеджері Арман Әшімовті сынап тастады

UFC-де өнер көрсететін қазақстандық Шавкат Рахмоновтың менеджері Саят Әбдірахманов еліміздің танымал файтері Арман Әшімов (12-4-1) туралы пікірін айтты, деп хабарлайды “Екінші Тайм”.

Әшімов биыл наурызда жапониялық танымал RIZIN промоушенінде дебютін өткізген еді. Файтер салмақ шегінен асып кетіп, артынша жапон спортшысынан жеңіліп қалған еді.

Әбдірахманов сол жекпе-жектегі Әшімовтің кәсібисіздігін айтты.

«Оны RIZIN-ге қосу үшін ұзақ уақыт сөйлесіп, келіскен едік. Ол барды да, салмағы шектен асып кетті. Бұл Қазақстанның барлық файтеріне әсер етті, өйткені қазір біз өзімізді шетелде танытып жатырмыз. Бұл жерде салмағың асып кеткені ғана емес, қалай асырып жібергеніңді болып тұр.

Оның салмағы асып кетті, ал ол бәрінің көзінше су ішіп тұр. Оның әлі салмақ қууға екі-үш сағаты бар. Сырт көзге қалай көрінесің? Әсіресе Жапонияда, олар бұған жауапты қарайды.

Бәрін бүлдіріп, жеңіске жету мүкіндігіңнен айырылғаның аздай (жеңгеннің өзінде no contest болады), басқа файтерлердің жолын кесіп жатсың”, – деді Әбдірахманов.

Менеджердің айтуынша, сол турнирден кейін Арман тұтқаны көтермейді. Бүгінге дейін олар әлі сөйлеспеген.

Айта кетейік, Әшімов өз карьерасында 17 жекпе-жек өткізіп, оның 12-сінде жеңіске жеткен. Төрт рет жеңіліп, бір мәрте тең түсті. Көбіне Alash Pride FC және M-1 Global лигаларында бақ сынаған.

Facebook
Threads
WhatsApp
VK
X
Telegram

Басты жаңалықтар

One Response

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар