2004 жылғы Олимпиада чемпионы Бақтияр Артаев “Уақыт көрсетеді” YouTube-арнасына берген сұхбатында Ұлттық Олимпиада комитетінің президенті Геннадий Головкиннің жалақысы туралы айтты, деп хабарлайды “Екінші Тайм”.
“Нақты білмеймін, бірақ Головкиннің ҰОК-дегі жалақысы – 20-25 миллион теңге шамасында“, – деді Артаев.
Бірақ Қазақстан ҰОК бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтынын ресми түрде мәлімдеді.
“Геннадий Головкин президенттік қызметті ерікті негізінде атқарады. Оның қызметіне ақша төленбейді. Оның мотивациясының қаражатқа да, саяси мансапқа да қатысы жоқ.
Ең алдымен оның жұмысы қазақстандық спортқа қолдау көрсетуге, сондай-ақ, Қазақстан ҰОК-тің халықаралық спорттық қоғамдастық алдындағы беделін нығайтуға бағытталған”, – делінген хабарламада.
ҰОК ақпараты бойынша, Өз қызметіне кіріскен бойда Геннадий Головкин ҰОК-тің мемлекеттік бюджет ақшасына үміттенбейтінін ашық айтқан. Ұйымның қызметі Головкиннің қатысуымен тартылған демеушілер қаражаты есебінен жүзеге асып жатқанын алға тартты.
Еске салайық, қазақстандық боксшы Головкин Ұлттық Олимпиада комитетінің басшысы қызметіне биыл 24 ақпанда тағайындалған болатын.
2 Responses
Thank you for your sharing. I am worried that I lack creative ideas. It is your article that makes me full of hope. Thank you. But, I have a question, can you help me?