Роналдудың клубы “Реал” жұлдызына мега-ұсыныс жасады

Португалиялық шабуылшы Криштиану Роналду өнер көрсететін саудиялық “Әл-Наср” мадридтік “Реал” мен Германия құрамасының қорғаушысы Антонио Рюдигерге көз тікті, деп хабарлайды “Екінші Тайм”.

Sky ақпараты бойынша, орталық қорғаушы Сауд Арабиясынан мега-ұсыныс алған. Неміс футболшысы “Әл-Хиләл” де қызығушылық танытып отыр. Олар Рюдигерді әлемдегі жалақысы ең көп қорғаушы етпек.

Бірақ Рюдигер “Реалда” қала бергісі келеді, оның келісімшарты 2026 жылға дейін жарамды.

Мадридтік клуб та қорғаушыны командадан жіберуге дайын емес екені хабарланды.

Рюдигер “Реалға” 2022 жылы жазда “Челсиден” еркін агент ретінде ауысқан болатын. Содан бері 101 матчқа қатысып, төрт гол соқты, үш нәтижелі пас шығарды.

Facebook
Threads
WhatsApp
VK
X
Telegram

Басты жаңалықтар

One Response

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар