UFC-нің бұрынғы файтері Дамир Исмағұлов Алматыда өткен HARDCORE лигасының турнирінде ресейлік Дмитрий Климовты төрешілердің бірауыздан шешімімен жеңген еді. Кездесуден кейін ол мәлімдеме жасады, деп хабарлайды “Екінші Тайм” тілшісі Sport Plus Qazaqstan телеарнасына сілтеме жасап.
«Мені мұнда қалай жақсы көретінін көрдіңіздер ме? Егер жанкүйерлер титул алғысы келсе, мен оны туған жеріме әкелемін. Айырмашылық жоқ, орын мен қарсыласты айтыңыздар. Климов менің қартайғанымды дәлелдегісі келді, бірақ мен әлі де осы джунглидің патшасымын», – деді қазақстандық жауынгер.
2