58 жастағы спортшы алғаш рет Олимпиадаға жолдама алды

58 жастағы чилилік Чжиин Цзэн Париж Олимпиадасына қатысады, ол үстел теннисінен жарыста бақ сынайды, деп хабарлайды “Екінші Тайм”.

The Guardian мәліметінше, Цзэн – 2023 жылы Панамерикалық ойындардың қола жүлдегері. Ол Қытай тумасы, бірақ 1989 жылдан бері Чилиде өмір сүреді және сол елдің атынан өнер көрсетеді.

Париждегі додада Цзэн Олимпиададағы дебютін өткізеді.

“Менің жасымда қиналып емес, қуанып ойнау керек. Бұл Чилиді жақсы көреміз. Қытайда жетпеген арманыма осында жеттім. Берілмеу керек”, – деді ол.

Теннисші өз елінде Таня деген атпен танымал.

“Чили жұрты Z әрпіне (Zhiying Zeng) байланысты менің есімімді айта алмайды. Бірақ осында келген басқа қытайлар чилилік атты қолданамыз. Мен Таня деген есімді таңдадым”, – деді Цзэн.

Париж Олимпиадасы 26 шілде мен 11 тамыз арасында өтеді.

Facebook
Threads
WhatsApp
VK
X
Telegram

Басты жаңалықтар

One Response

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *