Қазақстандық файтер Шавкат Рахмонов бұрынғы бапкеріне қымбат сый жасады, деп хабарлайды “Екінші Тайм”.
Рахмонов оған автокөлік тарту етті.
“Бас бапкерім Баян Жанғаловқа бүгін темір тұлпар сыйлауға Алла нәсіп етті”, – деп жазды ол Instagram-парақшасында.
Еске салайық, Рахмонов Жанғаловтың жаттықтыруымен ММА-ден әуесқойлар арасындағы әлем чемпионы атағынан UFC-дегі дебютке дейін жеткен еді.
Шавкат кейінгі жекпе-жегін былтыр желтоқсанда өткізіп, америкалық Стивен Томпсонды екінші раундта жеңген болатын. Қазір ММА-дегі рекорды – 18-0.
3