“Манчестер Сити” қақпашысы Эдерсон Мораес карьерасын Сауд Арабиясында жалғастыруы мүмкін, деп хабарлайды “Екінші Тайм”.
Журналист Фабрицио Романо ақпараты бойынга, “Әл-Наср” Эдерсон үшін ағылшын клубына 30 млн еуро ұсынған. Бірақ “Манчестер Сити” бұл ұсыныстан бас тартпақ, себебі қақпашысын кем дегенде 50 млн еуроға сатқысы келеді. Эдерсонның өзі “Әл-Насрмен” келісімге келіп қойған.
Эдерсон “Манчестер Сити” сапында 2017 жылдан бері ойнап келеді.
Айта кетейік, “Әл-Наср” сапында қазір португалиялық Криштиану Роналду, сенегалдық Садио Мане өнер көрсетеді.
7
One Response