Мбаппе ресми түрде “Реал” ойыншысы атанды

“Реал Мадрид” шабуылшы Килиан Мбаппені жаңа ойыншы ретінде жанкүйерлеріне таныстырды, деп хабарлайды “Екінші Тайм”.

Французды қарсы алу үшін “Сантьяго Бернабеу” стадионына 85 мың көрермен жиналған.

Мбаппе алаш рет “Реал Мадрид” жейдесін киді. Таныстырылым кезінде ол “Hala Madrid” деп ұран айтып, клуб эмблемасын сүйді.

“Біз жеңдік! Мен осындамын! Осы жылдар бойы мадридтіктер маған осынша махаббат сыйлады. Сіздерге көп рақмет. Арманым орындалды. (…) Тарихтағы ең үздік клуб сапында ойнау маған үлкен құрмет. Бүгін мен ең бақытты жігітпен”, – деді Мбаппе іс-шара кезінде.

Таныстырылым рәсіміне “Реалдың” франциялық аңызы Зинедин Зидан қатысты.

Мбаппе “Реал Мадридте” 9-нөмірмен ойнайды. Кезінде мадридтік ұжымда Альфредо ди Стефано, Сантильяна, Уго Санчес, Иван Саморано, Роналдо Назарио, Морьентес және Криштиану Роналду секілді клуб аңыздары дәл осы нөмірмен ойнаған. Ал соңғы болып 9-нөмір Кәрім Бенземада болды.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Real Madrid C.F. (@realmadrid)

Еске салайық, “Реал” Мбаппені 3 шілдеде ресми түрде қатарына қосқан. Шабуылшы еркін агент ретінде ауысқан болатын. Бұған дейін ол “Монако” мен “ПСЖ” сапында өнер көрсеткен еді.

Facebook
Threads
WhatsApp
VK
X
Telegram

Басты жаңалықтар

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар