Әбиба Әбужақынова алғашқы Олимпиадасында жүлдесіз қалды

Қазақстандық дзюдошы Әбиба Әбужақынова Париждегі жазғы Олимпиада ойындарында қола медаль үшін жекпе-жек өткізді, деп хабарлайды “Екінші Тайм”.

48 келі салмақ дәрежесіндегі жекпе-жекте Әбиба Әбужақынова швециялық Тара Бабулфаттан жеңіліп қалды.

Айта кетейік, Әбиба алғашқы айналымда Израиль спортшысы Шира Ришонимен жекпе-жек өткізіп, 1:0 есебімен басым түскен еді. 1/8 финалда Әбужақынова Тайпей өкілі Лин Чен-Хаоны 19 секундта “иппон” әдісімен жеңген еді. Ширек финалда ол испаниялық Лаура Мартинеске есе жіберіп алды. Ал жұбаныш белдесуде Әбиба парагвайлық Габриела Нарваэспен кездесіп, жеңіске жеткен болатын.

Facebook
Threads
WhatsApp
VK
X
Telegram

Басты жаңалықтар

One Response

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *