Әбиба Әбужақынова: Толық құраммен келмесек те, барымызды салдық

Дзюдодан Қазақстан құрамасының мүшесі Әбиба Әбужақынова командалық жарыстан  кейін өз пікірін білдірді, деп хабарлайды Olympic.kz

«Біз командалық жарысқа алғаш рет лицензия алып тұрмыз. Оның өзінде, толық құраммен алмадық. Сондықтан, көпшілігіміз жоғары салмақта белдестік.

Соған қарамастан, жақсы нәтиже тіркеп, ерлік  көрсеттік деп ойлаймын. Жүлдеге жақындай алмағанымыз өкінішті, десе де, біз алдағы ойындарға толық құраммен келеміз деген сенімдемін.

Жанкүйерлерді қуанта алмағанымыз үшін кешірім сұраймын», – деді Әбиба.

Facebook
Threads
WhatsApp
VK
X
Telegram

Басты жаңалықтар

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *