Қазақстандық дзюдошы Абылайхан Жұбаназар Париж Олимпиадасының 1/8 финалына шыға алмады, деп хабарлайды “Екінші Тайм”.
81 келіге дейінгі салмақта Жұбаназардың қарсыласы венгриялық Аттила Унгваримен белдесті. Бұл жекпе-жекте Аттила жеңіске жетті.
Айта кетейік, бұған дейін Париж Олимпиадасында дзюдошыларымыз екі жүлде жеңіп алған еді – Елдос Сметов алтын, Ғұсман Қырғызбаев қола медаль еншілеген болатын.
4
One Response