Қазақстан танымал боксшы Абылайхан Жүсіпов әуесқой боксқа оралатынын мәлімдеді, деп хабарлайды “Екінші Тайм”.
«Мен, Абылайхан Жүсіпов, Олимпиада ойындарынан кейін екі жыл бойы кәсіпқой бокста тәжірибе жинақтадым және Бокс федерациясы мен Қарағанды облысы спорт басқармасының шақыртуымен және қолдауымен әуесқой боксқа ораламын. Өз тәжірибеммен туған жерім – Қарағандының өсіп келе жатқан боксшыларына үлгі болып, алға ұмтылуға шақырамын деп ойлаймын. Қарағанды облысынан Олимпиада ойындарының көптеген қатысушысы мен чемпионы шығатынына сенімдімін. Қарсыластар, дайындалыңдар, мен өзімді көрсетуге дайынмын», – деп жазды Абылайхан әлеуметтік желіде.
Еске салайық, 27 жастағы Жүсіпов әлем чемпионатында үш рет қола жүлде (2017, 2019, 2021 жылдары) жеңіп алған болатын.
Ал кәсіпқой рингте ол төрт жекпе-жек өткізіп, бәрінде жеңіске жеткен. Оның үшеуінде қарсыластарын нокаутқа түсірген.
One Response
I don’t think the title of your article matches the content lol. Just kidding, mainly because I had some doubts after reading the article.