Қазақстандық файтер Жалғас Жұмағұлов (16-9) Vesti.kz-ке берген сұхбатында АҚШ-тағы өмірі туралы айтты, деп хабарлайды “Екінші Тайм”.
Жұмағұлов UFC-ден екінші мүмкіндік алу үшін екі ай бұрын АҚШ-қа кеткен.
“Басында отбасыммен келдім. Қазір әйелім және бес баламмен біргеміз”, – дейді Жалғас.
Файтер АҚШ-та түрлі шығындарға ай сайын 8 миллион теңге жұмсайтынын айтты.
“Айына 16-17 мың доллар (7,5-8 миллион теңге) жұмсаймын. Пәтерді 6 100 долларға (2,89 миллион теңге) жалға алғанмын, бірден үш айға 5 400 доллар (2,56 миллион теңге) көлемінде депозит төледім. Азық-түліктің өзіне қыруар қаражат кетеді. Көлігім бары жақсы болды, 2021 жылы досым Денис Lexus RX 350 көлігін сыйлаған, соны мініп жүрмін. Одан бөлек қолдап, көмектесіп жүрген ағаларым бар. Сондықтан бәрі жақсы”, – дейді файтер.
Айта кетейік, жеңіл салмақта өнер көрсететін Жалғас Жұмағұлов UFC-де бір рет жеңіп, қалған кездесулерінде жеңіліп қалған болатын.
2 Responses
Your article helped me a lot, is there any more related content? Thanks!