“Әл-Хиләл” 2025 жылы қаңтарда бразилиялық футболшы Неймармен келісмішартын бұзбақ, деп хабарлайды “Екінші Тайм” тілшісі UOL сайтына сілтеме жасап.
Саудиялық клуб Неймардың трансферіне 90 миллион еуро жұмсап, оған жылына 160 миллион еуро көлемінде жалақы төлеп отыр.
Ал Неймар былтырғы жаздан бері жеті матчқа ғана қатысты. Өткен маусымның басында айқыш байламын үзіп алған болатын.
Неймар Бразилияның екінші дивизионында жүрген “Сантосқа” оралуы мүмкін екені хабарланды.
14