Алан Құрманғалиев Венгрияда екі бірдей жүлде жеңіп алды

Қазақстандық Алан Құрманғалиев Венгрияның Сомбатхей қаласында өткен WTT Youth Contender турнирінде күміс медаль жеңіп алды, деп хабарлайды “Екінші Тайм”.

Olympic.kz ақпараты бойынша, отандасымыз 19 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы жарыста екінші орынды иеленді. Алан болгариялық Стефан Димитровты (3:0), Люксембургтан барған Маэль Ван Дессельді (3:0), тайбэйлік Тай По-Чунды (3:2), румыниялық Драгоша Бужорды (3:0), словакиялық Михаил Ловгуды (3:2), швед спортшысы Исаак Альфредссонды (3:0) және корейлік Ли Чон Мокты (3:0) жеңді. Финалда венгриялық Балаж Лэйге 0:3 есебімен есе жіберді.

Айта кетейік, Алан осы турнирде 17 жасқа дейінгі спортшылар арасында қола медаль алған еді.

Facebook
Threads
WhatsApp
VK
X
Telegram

Басты жаңалықтар

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар