Қазақстандық теннисші, әлемнің 35-ракеткасы Юлия Путинцева Уимблдонның үшінші айналымына жолдама алды, деп хабарлайды “Екінші Тайм”.
Путинцева екінші айналымда чехиялық, 36-ракетка Катерина Синякова үш сетте жеңді. Қазақстандық теннисші алғашқы сетте бір гейм де жеңілмеді – 6:0, 4:6, 6:2.
Теннисшілер кортта 1 сағат 40 минут өткізді.
Синякова – WTA турнирлерінің 30 дүркін жеңімпазы, 2020 жылы Токио Олимпиадасының жұптық сындағы чемпионы.
Юлия бұған дейін германиялық Анжелика Керберді (WTA рейтингі – 221) жарыс жолынан шығарған еді.
Енді Путинцеваның қарсыласы Ига Швентек (Польша) пен Петра Мартич (Хорватия) матчының жеңімпазы болады.
4
One Response
Your point of view caught my eye and was very interesting. Thanks. I have a question for you.