Қазақстандық мерген Александра Ле Париждегі Олимпиада ойындарының финалына шықты, деп хабарлайды “Екінші Тайм”.
Ол 10 метрлік қашықтықта пневматикалық винтовкамен атудан сәтті өнер көрсетті. Енді финалдық бәсеке 29 шілде өтеді.
Еске салайық, кеше Александра Ле Ислам Сәтбаевпен бірге аралас командалар арасындағы жарыста үшінші орын алған болатын.
3