Бірінші жартылай орта салмақта IBO және WBA Gold нұсқалары бойынша әлем чемпионы Жанқош Тұраров (28-0, 20 КО) отандасы Жәнібек Әлімханұлына (15-0, 10 КО) үндеу жасады, деп хабарлайды “Екінші Тайм”.
“Үлкен спортта неше түрлі сынақтар кездеседі. Әр істің қайыры бар екенін сезіну маңызды, Жәнібек бауырымның жеңген кезінде қалай қуансақ, сынаққа түскенде де солай қолдай білейік, ағайын. Жәнібек бауырым, алда әлі талай жекпе-жектерді бағындырасың деп сенемін! Сенің әлі талай жеңістеріне қуанатынымызға сенімдімін!”, – деп жазды Тұраров Instagram-парақшасында.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Публикация от Zhankosh Turarov | Professional boxer (@zhankoshturarov)
Еске салайық, Әлімханұлы 14 шілдеде Жаңа Зеландия боксшысы Андрей Михайловичпен кездесіп, орта салмақтағы WBO және IBF белбеулерін қорғауы керек еді.
Бірақ салмақ қуу кезінде Жәнібек есінен танып, ауруханаға түскен еді. Салдарынан жекпе-жек өтпей қалған болатын.
Жәнібек Әлімханұлы ауруханаға түсті. Жекпе-жегі өтпейді
One Response