Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы карьерасын орта салмақта жалғастыра береді, деп хабарлайды “Екінші Тайм”.
Бұл туралы ол Twitter-парақшасында жазды.
“Қолдауларыңызға рақмет. Қазір бәрі жақсы. Қалыпқа келуіне бір-екі апта керек, мен ораламын! Маңызды жаңалық: мен орта салмақта қаламын, мұнда бітпеген жұмыстарым бар”, – деді ол.
Thank you all for your support! I’m fine now. I’ll recover in a couple of weeks and come back! And very important news, I stay fighting at 160 pounds! I have unfinished business here!
— Janibek Alimkhanuly (@qazaqstyle) July 15, 2024
Әлем чемпионы ауруханаға түскен Әлімханұлына қолдау көрсетті
Еске салайық, Әлімханұлы 14 шілдеде Жаңа Зеландия боксшысы Андрей Михайловичпен кездесіп, орта салмақтағы WBO және IBF белбеулерін қорғауы керек еді.
Бірақ салмақ қуу кезінде Жәнібек есінен танып, ауруханаға түскен еді. Салдарынан жекпе-жек өтпей қалған болатын.