“Алтынсыз қалдық”. Мырзағали Айтжанов Париждегі бокс турнирін қорытындылады

Бокстан Қазақстан құрамасының бас бапкері Мырзағали Айтжанов Olympic.kz сайтына Париж Олимпиадасын қорытындылап, шағын сұхбат берді, деп жазады “Екінші Тайм”.

“Бұл Олимпиадада біз күтпеген сенсациялар көп болды. Әлемнің бес дүркін, Олимпиаданың екі дүркін чемпиондары да жүлдеге  іліге алмай қалды. Париждегі ойындарда бізге алтын бұйырмады. Бірақ жігіттерге еш реніш жоқ. Көпшілік сынағандай шаршамады, барын салды. Ешкім де жеңісті қолдан бермеді.

Бұл Олимпиада бәрімізге сабақ болатыны анық. Осымен екінші Олимпиадада алтынсыз қалып отырмыз. Бірақ мен қазақ боксының жеңісті дәстүрге қайта  оралып, аяққа нық тұрарына сенемін.

Финалға келер болсақ, иә, Александр Хижняк толассыз шабуыл жасады. Бірақ оның соққыларының соңы ғана тиді Нұрбекке. Ал дәл әрі  таза соққыларды біздің жігіт тигізді. Оны қайталаудан да көрген шығарсыздар”, – деді Мырзағали Айтжанов.

Айта кетейік, Қазақстан боксшылары Париж Олимпиадасынан күміс медаль жеңіп алды. 80 келідегі Нұрбек Оралбай елге күміспен оралады.

Олимпиада жүлдегері Нұрбек Оралбай туралы не белгілі?

Facebook
Threads
WhatsApp
VK
X
Telegram

Басты жаңалықтар

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *