Аса жеңіл салмақтағы UFC файтері, әлемдік рейтингтегі 13-орында тұрған америкалық Чарльз Джонсон (17-6) кіммен кездескісі келетінін айтты, деп хабарлайды “Екінші Тайм”.
Х әлеуметтік желісінің қолданушыларының бірі Чарльздан ендігі қарсыласы ретінде кімді көретінін сұрады. Джонсон үш спортшыны атады, оның ішінде қазақстандық файтер Асу Алмабаев (21-2) та бар.
“Асу Алмабаев, [Алекс] Перес, [Стив] Эрцег немесе топ-10 қатарынан кез келген файтер”, — деді америкалық спортшы.
Чарльз Джонсон биыл ақпанда қазақстандық файтер Азат Максумды (15-1), ал 2022 жылы Жалғас Жұмағұловты (17-9) жеңген еді.
42