“Анасын қасына ертіп жүргені ерлік”: қазақ комментаторы Елдос Сметовты қолдады

Спорт журналисі, комментатор Есей Жеңісұлы тойда жұбайымен емес, анасымен қол ұстасып шыққаны үшін сынға қалған Елдос Сметовке қолдау білдірді, деп хабарлайды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Nur.kz сайтына сілтеме жасап.

“Менің шешем екі жыл бұрын қайтыс болды. Анама жақсылық жасап үлгере алмай қалған адаммын. Әкесіз өстім, әкем ерте өмірден өтті. Шешем мені бәріне жеткізді. Елдостың анасын қасына ертіп жүргені – ерлік. Елдос – азаматсың! Анасын солай төбесіне көтерген адам – ең бақытты адам. Ел айта берсін. Шешесіне жақсылық жасай алмағандар солай айтады”, – деп көзіне жас алды Есей Жеңісұлы “Бірінші бол” подкастында.

Айта кетейік, дзюдошы Елдос Сметов туған жері Таразға оралған сәтте үлкен жиын ұйымдастырылған еді. Сол қуаныш кезінде Елдос Сметовтің залға анасының қолын ұстап шығып келе жатқан видеосы тараған. Әлеуметтік желі қолданушылары чемпионды сынға алып, анасының орнында жұбайы болуы керегін жазды. Спортшы көпшіліктің сынына жауап берген болатын.

“Әлеуметтік желіні қарамайын десем де, қарап қоямын. Қазір Олимпиада чемпионы болдым, енді осыдан кейін ештеңе жазылмайтын шығар деп ойлағанмын. Бірақ әлі де жазып жатыр. Менің жүріс-тұрысым, келіншегім алда келе жатыр ма, артта келе жатыр ма, жанында анасы келе жатыр ма, әлде басқасы… Енді мен қалай шығайын, қалай шықпайын, ол менің жеке басымның қуанышы”, – деді Олимпиада чемпионы.

Елдос Сметов Париж Олимпиадасының финалында франциялық дзюдошы Лука Мхеидзені жеңіп, алтын жүлде еншілеген еді. Осылайша дзюдодан Қазақстан тарихындағы тұңғыш Олимпиада чемпионы атанды.

 

Facebook
Threads
WhatsApp
VK
X
Telegram

Басты жаңалықтар

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *