Қақпашы Андрей Шутов «Барыс» сапында ҚХЛ жаңа маусымындағы алғашқы ойынын өткізуі мүмкін. Қарсыласы «Автомобилист» болады, деп хабарлайды “Екінші Тайм” тілшісі Shaiba.kz сайтына сілтеме жасап.
26 жастағы қақпашы осы маусымды «Слована» сапында бастаған. Словакиялық Экстралиганың тұрақты маусымындағы 15 кездесуде қақпашының қайтарған соққыларының пайызы 90,3, сенімділік коэффициенті 2,85 болды.
Еске салайық, 30 қазанда «Барыс» Андрей Шутовтың елордалық клубқа оралғанын хабарлаған болатын.
Напомним, 30 октября “Барыс” объявил о возвращении Андрея Шутова в состав столичного клуба.
39