Англия құрамасы Еуропа чемпионатының жартылай финалына шықты, деп хабарлайды “Екінші Тайм”.
Ширек финалда ағылшындардың қарсыласы Швейцария құрамасы болды. Ойынның бірінші таймында есеп ашылмады.
75-минутта Бреел Эмболо Швейцарияны алға шығарды. Ал бес минуттан соң ағылшындар таразы басын теңестіре алды – Букайо Сака алыстан гол соқты.
Осылайша, жеңімпаз пенальти сериясында анықталды. Ал онда ағылшындар дәлдік танытты.
Енді Англия жартылай финалда Нидерланд – Түркия матчының жеңімпазымен кездеседі.
9
One Response
I don’t think the title of your article matches the content lol. Just kidding, mainly because I had some doubts after reading the article.