Англия құрамасы камбэк жасап, Еуро-2024 финалына шықты

Англия құрамасы Еуропа чемпионатының финалына жолдама алды, деп хабарлайды “Екінші Тайм”.

Еуро-2024 жартылай финалындағы екінші матчта Англия мен Нидерланд кездесті. Ойынның алғашқы голын Нидерланд соқты. 7-минутта Хави Симонс қанжығасын майлады.

Ал 18-минутта Харри Кейн пенальтиден таразы басын теңестірді. Ойынның соңында ағылшын футболшылары жеңісті жұлып әкетті. 91-минутта Олли Уоткинс жеңіс голын салды.

Осылайша, Еуро-2024 финалында Испания мен Англия құрамалары күш сынасады. Ағылшындар қатарынан екінші Еуроның финалында өнер көрсетеді.

Facebook
Threads
WhatsApp
VK
X
Telegram

Басты жаңалықтар

One Response

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *