Париждегі Олимпиада ойындарында АҚШ құрамасының ту ұстаушысы болып баскетболшы Леброн Джеймс таңдалды, деп хабарлайды “Екінші Тайм”.
“Лейкерстің” 39 жастағы форварды өз карьерасында төртінші рет Олимпиадаға қатысады, бірақ алғаш рет өз елінің ту ұстаушысы болады.
Олимпиада ойындарының ашылу салтанаты жұмада болады.
АҚШ туын ұстаушыны Олимпиадаға баратын спортшылар дауыс беру арқылы таңдаған.
Айта кетейік, Леброн Джеймс АҚШ құрамасымен бірге 2008 және 2012 жылдары Олимпиада чемпионы атанған. Ал 2004 жылы қола медаль иеленген.
5