“Ақтөбе” бас бапкері Дмитрий Парфенов клубтан кетуі ықтимал, деп хабарлайды “Екінші Тайм”.
Бұл жайында ресейлік журналист Александр Троицкий өзінің telegram-арнасында жазды.
“Менің ақпаратым бойынша, келесі аптада Дмитрий Парфенов “Ақтөбе” ФК бас бапкері қызметінен отставкаға жіберіледі. Команда тізгінін посткеңестік бапкер, Парфеновтің жерлесі ұстауы мүмкін”, – деп жазды журналист.
Еске салайық, “Ақтөбе” Конференция лигасының бірінші іріктеу кезеңінде босниялық “Сараеводан” жеңілген болатын. Ал Қазақстан чемпионатында екінші орында келе жатыр.
5