Аргентина Америка кубогын жеңді. Месси жарақат алып қалды

Аргентина құрамасы 2024 жылғы Америка кубогының жеңімпазы атанды, деп хабарлайды “Екінші Тайм”.

АҚШ-та өткен турнирдің финалында Аргентина мен Колумбия жолықты. Майами-Гарденстегі “Хард Рок” стадионында өткен матч 1:0 есебімен аяқталды. Овертаймда, 112-минутта Лаутаро Мартинес жеңіс голын соқты.

Нәтижесінде Аргентина Америка кубогын қатарынан екінші рет жеңіп алды. 2021 жылы Бразилияны да 1:0 есебімен жеңген еді.

Аргентина капитаны Лионель Месси матчты аяқтай алған жоқ. Екінші таймның ортасында ол жарақат алып, алаңнан кетті.

Facebook
Threads
WhatsApp
VK
X
Telegram

Басты жаңалықтар

3 Responses

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар