Түркия құрамасы мен “Реал Мадридтің” жартылай қорғаушысы Арда Гюлер португалиялық Криштиану Роналду туралы пікірін айтты, деп хабарлайды “Екінші Тайм”.
“Португалиямен матчтан кейін Роналдуға барып, оның жейдесін сұрауға ұялдым, өйткені мен өмірімде ондай адаммен сөйлесіп, оның жейдесін сұраған емеспін. Бірақ Феликсті жақсы білетінмін және Жоаудан оған тілегімді жеткізуін өтіндім. 10 минуттан кейін Роналдудың өзі киім ауыстыратын бөлмеге кіріп, «Ассаламалейкум» деп амандасып, жейдесін берді. Сол кезде Роналдудың адамдарға эмоция сыйлағанды жақсы көретінін байқадым!”, – деді Гюлер.
Айта кетейік, Түркия мен Португалия құрамалары Еуропа чемпионаты топтық кезеңінің 2-туры аясында кездескен болатын. Португалия сол ойында жеңіске жеткен.
Екі құрама да Еурода ширек финалға дейін өнер көрсеткен еді. Португалия Франциядан, Түркия Нидерландтан жеңіліп қалған болатын.
3 Responses
Thanks for sharing. I read many of your blog posts, cool, your blog is very good.
Thanks for sharing. I read many of your blog posts, cool, your blog is very good.
Dear Sir/Madam,
We are exploring long-term business collaborations and found your company of interest. May we kindly request your product catalog and pricing? You may contact me via WhatsApp: +48 508 696 203