“Астана” еурокубок матчына тағы да екінші құрамын жіберді

Елордалық “Астана” футбол клубы Конференция лигасындағы “Пафосқа” қарсы ойынға қатысу үшін Кипрге ұшты, деп хабарлайды “Екінші Тайм”.

Бас бапкер Григорий Бабаян еурокубоктағы матчқа тағы да қосалқы құрамын шығаруды жөн көрді. Негізгі құрамдағы футболшылар Алматыда қалып, ҚПЛ-дің соңғы турындағы “Жетісуға” қарсы ойынға (10 қараша) дайындалады.

Айта кетейік, бұған дейін “Астана” Уэльс клубы “Нью-Сейнтспен” екінші құраммен ойнап, 0:2 есебімен жеңіліп қалған болатын.

ҚПЛ-2024 аяқталуына бір тур қалғанда “Астана” көш басындағы “Қайраттан” бір ұпайға қалып тұр. “Қайрат” соңғы матчын қонақта “Атырауға” қарсы өткізеді.

“Пафос” – “Астана” матчы 7 қарашада Лимасолда Қазақстан уақыты бойынша 22:45-те басталады.

Facebook
Threads
WhatsApp
VK
X
Telegram

Басты жаңалықтар

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *