“Астана” клубының Конференция лигасының плей-офф кезеңіндегі қарсыласы анықталды

“Астана” футбол клубы УЕФА Конференция лигасының плей-офф кезеңінде норвегиялық “Бранн” командасымен бақ сынайды, деп хабарлайды “Екінші Тайм” тілшісі Nur.kz сайтына сілтеме жасап.

УЕФА Конференция лигасының үшінші іріктеу кезеңі аясында “Сент Миррен” (Шотландия) мен “Бранн” (Норвегия) командалары өзара мықтыны анықтады. Қос матчтың қорытындысы бойынша норвегиялық ұжым 4:2 есебімен жеңіске жетті. Осылайша “Астана” футбол клубы плей-офф кезеңінде норвегиялық “Браннға” командасына қарсы кездесу өткізеді.

Бірінші матч 22 тамызда Норвегияда өтсе, екінші матч 29 тамызда Алматыда болады. Айта кетейік, плей-оффта жеңіске жеткен клуб УЕФА Конференция лигасының топтық кезеңіне жолдама алады.

14 тамызда УЕФА Конференция лигасының үшінші іріктеу кезеңі аясында елордалық “Астана” футбол клубы румыниялық “Корвинулды” екі матчтың қорытындысы бойынша 8:2 (2:1, 6:1) есебімен жеңген болатын.

Facebook
Threads
WhatsApp
VK
X
Telegram

Басты жаңалықтар

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *